Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) өшпенділігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Vringe.com.
"Ол мені алаяқтық жасады деген болатын. Менің бүкіл командам - елінің масқарасы деп мәлімдеді. Ол артыңнан өсектейді де бетпе-бет келгенде немесе камера алдында басқаша сөйлейді. Міне сол үшін ол маған ұнамайды. Мен туралы айтқаны тым көп. Енді келіп ондай ештеңе болған жоқ дейді. Бірақ не дегенін білеміз ғой. Сол үшін де жақтырмаймын", - дейді Альварес.