"37 жасында да Головкин әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі. Қазір баяулап, қорғанысы әлсіреген. Бұл қарсылас үшін мүмкіндік. Роллстың соққысы жақсы, бірақ, Головкинді есеңгірету қиындау. Оның үстіне ол GGG-дің толық қысымына шыдай ма, белгісіз. Головкин қарсыласына аздап мүмкіндік беріп, кейін іске кіріседі деген ойдамын. Жекпе-жек қашан және қалай аяқталарын Головкин шешеді.
Келісемін, Энтони Джошуаның жеңілісі қарсыласты менсінбеу неге әкелерін көрсетті. Жекпе-жектің басты қызығы Роллс өзін көрсетіп, Головкинге мықты қарсылық көрсете алуында. Солай ете алса, бұл жігіт бокс элитасына кіру мүмкіндігін алады. Алайда мен бұған сенбеймін. Роллс Канададағы мықты боксшы, бірақ, GGG - ТОП боксшы", - дейді Марвилла.