"Элитадағы боксшы екенін дәлелдеді". Сарапшы Жүкембаев бұрынғы әлем чемпионын ненің арқасында жеңгенін айтты

© Eye of the Tiger Management
TheFightCity.com порталының шолушысы Захари Алапи Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшы Батыр Жүкембаевтың (17-0, 13 КО) бұрынғы әлем чемпионы Мигель Васкесті (41-8, 15 КО) жеңуіне қатысты ойын айтты.

26 қыркүйекте Монреальда өткен бокс кешінің басты жекпе-жектерінің бірінде Жүкембаев мексикалықты төрешілер шешімімен жеңіп, екінші деңгейлі WBA Continental және IBF Inter-Continental белбеулерін иеленді. Жекпе-жек видеосын мына жерден тамашалауға болады.

Қазақ нокаутшының "Канелоның" бұрынғы қарсыласын жеңгені үшін алған гонорары айтылды

"Васкесті жеңу үшін Жүкембаев тамаша ойын жоспарын ұстанды. Бұл шахмат жүрістеріне ұқсас еді. Қазақстандық өзінің элитадағы боксшы екенін дәлелдеді. Керемет шоу болды. Жүкембаев қарсыласынан артық екені көрінді. Бұл оның бапкері Андрей Буласпен жұмысының жемісі", - дейді Алапи. 

Осы жеңістен кейін Жүкембаев BoxRec рейтингінде 24-ші орыннан 19-шы орынға көтерілді.