JzNZZoViG84fdzgG1WsfRYs4dGgOCBdNWJ0NMXWm
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Елеусіновтің менеджері кәсіпқойда 60 рет жұдырықтасқан тіс қаққан қарсыласпен жекпе-жек жайында айтып берді

Елеусіновтің менеджері кәсіпқойда 60 рет жұдырықтасқан тіс қаққан қарсыласпен жекпе-жек жайында айтып берді
Сурет: Matchroom Boxing
Қазақстандық кәсіпқой Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) менеджері Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне алдағы жекпе-жектен не күтетінін айтып берді. 

Науырздың он бесіне белгіленген жекпе-жек АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтеді. Сегіз раундтық кездесуді "Хабар" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

- Бастапқыда Сильверио Ортисті қарсылас ретінде қарастырмағанбыз, бірақ, Карлос Хименеспен қандай жағдай болғанын білесіздер. Басқа боксшы іздей бастадық та, таңдауымыз Ортиске түсті. Басқа да боксшылар болды, дегенмен, әзірге Сильвейро ғана бекітілді. 

Оның жұдырықтасқанын көрдім. Майамиде өткен. Шатаспасам ол Деррик Куэваспен кездесу өткізді. Жаман боксшы емес. Даниярдың тәжірибелі боксшымен жұдырықтасқанын көру қызықты болады", - дейді Алиев.

- Мексикалық алғашқы орта салмақта жұдырықтасты. Жеңіліп көрмеген боксшыларды да жеңген, қауіпті емес пе?

- Жоқ, қауіп жоқ деген ойдамын. Данияр қазір лагерде жақсы еңбектеніп жатыр. Көбіне америкалық бокс мектебіне икемделуде. Аяқпен көп жұмыс істейді. Сондықтан бәрі жақсы болады. 

Сильверио алға да жүреді және қорғана да алады. Бізге де керегі осы. Данияр оны нокаутқа түсіреді деп те ойлаймын

- Басқа да қарсыластарды таңдауға болатынын айттыңыз, соңғы шешім қашан қабылданады?

- Осы аптада. Сильверио келісімшартқа қол қойды. Хименеспен жағдайдан кейін бірден келісті. Қарсыласымыз Ортис болып қалатын шығар. Басқа боксшыдан ақпарат жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар