Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов (10-1-1, 9 КО) жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
36 жастағы отандасымыз 166 фунт тартса, оның америкалық қарсыласы Джуниор Юнан (16-0-1, 10 КО) 168,4 фунтты көрсетті. Боксшылар сегіз раундтық айқас өткізеді.
Салмақ өлшеу рәсімінде Юнан өзін кездесудің көшбасшысы ретінде көрсетіп, фотосессияда Елеусіновті денесімен жауып тастады. Өз кезегінде Данияр Елеусіновтың туған ағасы бұл жағдайда позитивпен қарады.
АҚШ-ғы бокс кеші бүгін 30 шілде күні (елорда уақытымен 31 шілде) Бруклиндегі (АҚШ) Barclays Center орталығында өтеді.