Елеусіновтің ағасы нокаутпен жеңістен кейін АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

©instagram.com/daurenyeleussinov

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық  боксшы Дәурен Елеусінов (10-1-1, 9 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

36 жастағы боксшы рингке 30 шілде оралады. Оның қарсыласы америкалық Джуниор Юнан (16-0-1, 10 КО) болады.

Бұл жекпе-жек Бруклиндегі Barclays Center шаршы алаңына жоспарланған бокс кешінің кардында өтеді. 

Дәурен кейінгі рет 2021 жылы Нұр-Сұлтанда жұдырықтасып, әзірбайжандық Али Маммадовты нокаутқа түсірген еді.

Юнан болса, кейінгі рет 2021 жылы сәуірде жекпе-жек өткізіп, Джейсон Минданы төрешілер шешімімен жеңген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар