6uk7qF6FgzOmifCxisolKaEWm3NY6ZwFPW6GsJ5z
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Елеусіновтің 2019 жылы жұдырықтасатын алғашқы қарсыласы белгілі болды

Елеусіновтің 2019 жылы жұдырықтасатын алғашқы қарсыласы белгілі болды
© Matchroom Boxing©
Қазақстандық кәсіпқой Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) 2019 жылы жұдырықтасатын алғашқы қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec.com сайтында жарияланған ақапарат бойынша, 15 наурызда қазақстандық боксшы Филадельфиядағы Liacouras Center аренасында мексикалық Карлос Хименеспен жұдырықтасады. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген. 

29 жастағы Хименес үшін бұл кәспқойдағы 25-ші жекпе-жегі болады. Мексикалық 14 жеңіске жеткен (8 нокаут), тоғыз рет жеңілген (бір нокаут) және бір қарсыласымен тең түскен. Соңғы рет ол 2018 жылы 13 қазанда жұдырықтасып, канадалық Матье Жерменнен (16-0-1, 8 КО) жеңілген еді.

Айта кетейік, Елеусінов жұдырықтасатын бокс кешінде қазақстандық Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы америкалық Габриэль Росадо және Олимпиада чемпионы болған ирландиялық боксшы қыз Кэти Тэйлордің де жекпе-жектері өтеді.

Еске салайық, соңғы рет Елеусінов былтыр қазанда Монакода жұдырықтасқан. Қазақстандық үшінші раундта никарагуалық Маркос Мохиконы техникалық нокаутпен жеңді. Кәсіпқой рингте 27 жастағы Елеусіновтің есебінде бес жекпе-жек бар, боксшы барлығын жеңген. Оның үшеуін нокаутпен. 

Ставки на спорт!
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар