Елеусінов WBC титулы үшін жеңілмеген "Патшамен" айқасады

©Azattyq Ruhy

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусіновтің (11-3-1, 10 КО) кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі белгіленді, деп жазады Vesti.kz.

BoxRec.com мәліметінше, Елеусінов 15 наурыз Нью-Йорктегі Madison Square Garden Theater аренасының кіші залындағы бокс кешінде жұдырықтасады. 

Қазақстандықтың қарсыласы ирландиялық жеңіліп көрмеген боксшы, "Патша" лақап атты Каллум Уолш (9-0, 7 КО) болады, ал кездесу жеңімпазы бірінші орта салмақта WBC Silver титулын иеленеді.

Елеусінов кейінгі рет 2023 жылы қазанда жұдырықтасып, танзаниялық Пиус Мпендеге (9-2, 4 КО) төрешілердің бөлек шешімімен есе жіберді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар