Елеусінов титул үшін жұдырықтасатын бокс кешінде Гассиев те рингке шығады

© mmaboxing.ru
27 маусым Даллас маңындағы Арлингтонда бокс кеші өтеді, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".

Бұл шоудың басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақта WBO чемпионы америкалық Морис Хукер  (26-0-3. 17 KO) WBC белбеуін иеленетін отандасы Хосе Рамиреспен (24-0, 16 КО) жұдырықтасады.

Бұл кездесудің анедркартында бірінші ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Мурат Гассиев те өнер көрсетеді. Ресейлік аса ауыр дивизиондағы алғашқы жекпе-жегін өткзеді.

Гассиевтің қарсыласы кім болатынын белгісіз, алайда ESPN шолуышысы Стив Кимнің сөзінше, ресейлікпен Джои Давейко жұдырықтасады.

28 жастағы Давейко кәсіпқой рингте 30 жекпе-жек өткізіп, 19 кездесуінде жеңді және жетеуінде жеңілді, ал төртеуінде тең түскен. Америкалық кейінгі жекпе-жектерінің барлығында жеңіліп жүр, оның соңғы қарсыласы Сергей Кузьмин болған.

Мұның алдында Арлингтондағы бокс кешінде Олимпиада чемпионы - қазақстандық Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) алғаш рет 10 раундты форматта титул үшін жұдырықтасатыны хабарланған. Хукер мен Елеусіновтің ісін Matchroom компаниясы жүргізеді.

Елеусінов үшін алдағы жекпе-жегі АҚШ-тағы бесінші болады. 25 мамырдағы соңғы кездесуінде ол чилилік Луис Норамбуэнаны (3-2-1, 0 КО) төрешілер шешімімен жеңген.