Елеусінов өзбекстандық чемпион Мадримовпен жекпе-жек туралы ойын айтты

© Reuters

Данияр Елеусинов (11-0, 6 КО) мықты қарсыластармен, соның ішінде WBA чемпионы, өзбекстандық Исраил Мадримовпен (10-0-1, 7 КО) жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты, деп жазады Vesti.kz

- Бірінші орта салмақта қазір қозғалыс басталды. Тимофей Цзю Себастьян Фундорадан жеңілді, одан кейін тағы бір чемпион Бахрам Муртазалиев Джек Кулкайды жеңді, ал жуырда Исраил Мадримов та WBA чемпионы атанды. Осы жігіттердің бірімен титул үшін айқасуға қалай қарайсыз?

- Бұл қызық болар еді. 27 сәуір Алматыдағы жекпе-жектен кейін бірден жоспар құрамын. Алысқа кеткенді ұнатпаймын, қарсыласты менсінбей қалу дегенді. Осы алдағы қарсыласымды жеңсем ғана салмақтағы мықтылармен жекпе-жекті қарастырамын. Онда қазір мықты жігіттер көп, солардың қатарына қосылып бәсеке тудырғым келеді. Егер жолым болмай жатса, жартылай орта салмақ бар. Онда осыған дейін өнер көрсеткенмін", - деп береді Елеусіновтің сөзін Fight.ru.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар