Елеусінов жеңсе Қазақстаннан бесінші әлем чемпионы атанбақ

18 желтоқсан 2021 15:08
©Vesti.kz Тұрар Қазанғапов

Бүгін, 18 желтоқсанда ел ордасындағы кәсіпқой бокс кешінде Данияр Елеусінов жеңіске жетсе, Қазақстаннан чемпиондық белбеуді беліне тағатын бесінші спортшы атанбақ, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Еске салайық, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнандес Леао IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтың вакантты титулын сарапқа салады.

Елеусіновке дейін қазақ елінен әр жылдары Василий Жиров, Геннадий Головкин, Жанат Жақиянов пен Бейбіт Шүменовтер әлем чемпионы атанған.

Кәсіпқой бокс кешін бүгін 18:00-ден бастап Хабар мен Insport арналарының ютуб каналынан тамашалай аласыздар. Jekpe-jek сарайындағы шаршы алаңға шығатын боксшылар тізімін мына жерден көре аласыздар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар