Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов қазақстандық актер және ММА файтері Еркебұлан Токтармен жекпе-жек жайлы жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған дейін Елеусінов Тоқтармен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан. Кейін Еркебұлын бұл сөзге өз пікірін білдірген.
Енді Данияр өз сөзінің мәнін ашып айтты.
"Соңғы сұрақтарға, кейбіреулер: "Еркебұланмен болмайды, ұят болады" деп айтып жатқандарға. Еркебұланның деңгейін төмендетпеңіздер. Ол өте медиялық жігіт. Қазір медиялық уақыт. Бірақ мен айтпаймын: "Мен Еркебұланмен шығамын, ұйымдастырыңыздар" деп - жоқ. Егер Джошуа мен Джейк Пол арасындағы жекпе-жек сияқты болса, қазір бәрі солай істейді, біздің елімізде де осындай ұйымдастыруға болады.
Бірақ мен Еркебұланды жақсы білемін. Ол менің танысым, досым, бауырым десем болады. Менің сөзімнің оған қатысты болған жоқ. Ол: "Мен медиялықпын, сондықтан маған көбірек гонорар керек" деген адамға қатысты айтылды. Оның атын атамай-ақ қояйын, сіздер, бәлкім, кім туралы екенін түсіндіңіздер. Ал Еркебұлан дұрыс жігіт", - деді Елеусінов әлеуметтік желіде.
Жарнама