Елеусінов чемпиондық белбеуден айырылды

28 желтоқсан 2022 11:52
©

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі IBO ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бүгінде Елеусінов IBO сайтындағы әлем чемпиондарының тізімінде жоқ. 

Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін былтыр 18 желтоқсанда Астанада өткізіп, аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-3, 4 КО) жеңіп, IBO чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

Айта кетейік, Елеусіновтің әлем чемпионы атағынан айырылуы ұзақ уақыт жекпе жекке шықпауымен байланысты болуы мүмкін. Ал IBO шарты бойынша, әр салмақ категориясы бойынша тоғыз ай сайын жекпе жекке шығуы керек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар