WBO тұжырымы бойынша ауыр салмақта әлемнің экс-чемпионы Марко Хук (42-1-5, 28 КО) украиналық Александр Усик (19-0, 13 КО) пен Энтони Джошуа (24-2, 22 КО) арасындағы реваншта және Тайсон Фьюри мен Усик кездескен жағдайда кімнің жеңіске жететінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Усиктің британиялық Энтони Джошуаны жеңетінін алдына ала айтқам. Тіпті жақын досыма украиналықтың жеңісіне ақша тік дедім. Нәтижесінде досым 150 мың еуро ұтысқа ие болды. Усик пен Джошуа қайта жұдырықтасса тағы да украиналық жігіт басым түсері анық. Ал Усик пен Фьюри арасында фаворитті анықтау қиын. Дейтұрғанмен, Тайсон өзінен қысқа боксшылармен ыңғайсыз айқасады. Сондықтан оған өзі секілді бойы ұзын қарсыластар қажет. Осы жағдайды ескере отыра Усик жеңіске жетуі тиіс деп есептеймін", - дейді Хук.
Еске салайық, 25 қыркүйекте Лондоның "Уэмбли" стадионындағы бокс кешінде Александр Усик 12 раундтың қорытындысы бойынша Энтони Джошуаны жеңген болатын. Нәтижесінде украин боксшысы WBA Super, WBO, IBF және IBO белбеулерін иеленді.