Экс чемпион "Канелоға" Биволдан аулақ жүруге кеңес берді

©Yardbarker.com

Әлемнің бұрынғы чемпионы Чед Доусон мексикалық Сауль "Канело" Альвареске жартылай ауыр дивизионда WBA Super чемпионы Дмитрий Биволмен қарымтаны ұмытуға кеңес берді, деп хабарлайды Fightnews.info порталы Themistode YouTube арнасына сілтеме жасап.

"Бұл "Канело" үшін нашар шешім, өйткені Бивол - тумасынан жартылай ауыр дивизионның боксшысы, ал Альварес жоғары салмаққа өтіп жүр. Меніңше, Бивол күштірек және мықты, сондықтан "Канелоның" соққылары оған батпайды. 

Мен Бивол ірілігі арқасында жеңеді деп ойладым. Ал ол боксшы ретінде де мықты. "Канелоға" Биволдан аулақ жүру керек. Екінші орта дивизионда болса, басқа әңгіме. Ол салмақта "Канело" жақсырақ жұдырықтаса алады, дегенмен, ол Биволға жоламағаны дұрыс", - дейді Доусон. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport