Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Дэниэл Джейкобс (37-4, 30 КО) суперорта дивизионда абсолют чемпион Сауль Канело Альварес (61-2-2, 39 КО) міндетті қарсыласы Давид Бенавидеспен (29-0, 24 КО) жекпе-жекке сол күйі неге шықпай қоғанын түсіндірді.
Джейкобс 2017 жылы ұпай санымен Геннадий Головкиннен (42-2-1, 37 КО), ал 2019 жылы төрешілер шешімімен Канелодан жеңілген еді.
"Канело мен Бенавидестің жекпе-жегін тамашалағым келеді. Меніңше Альварес шығуы қажет келесі айқас осы. Оның үстіне мұны жанкүйерлер де қалайды, демек оған өзі ынталы болу керек.
Бенавидес - ірі, қатаң әрі мықты боксшы, оның уақыты келді. Меніңше, Канело одан қашып, басқа боксшыларды таңдауда. Себебі карьерасын жеңілмей, салтанатпен аяқтағысы келеді", - деп береді Джейкобстың сөзін vRINGe.com.