Екі салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, қазірде ESPN арнасының сарапшысы Тимоти Брэдли қазақстандық Геннадий Головкин және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегінде кім жеңетінін айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".
"Канело" жеңеді, бұл менің пікірім және ол абыройын қайтару керек. Кейінгі айқасында ол жанкүйерлер көңілін қалдырды. Сондықтан оған енді жеңілуге болмайды. Ол GGG-ге қалай қарап жүргенін байқадыңыздар ма, оқталып жүр. Енді ол рингке басқаша шығып, жай ғана қысым көрсетпейді", - дейді Брэдли.