Бокс
4 тамыз 2022 20:37
 
Экс-чемпион Головкиннің "Канелоны" жеңу мүмкіндігін айтты

  Пікірлер

blog.share

Экс-чемпион Головкиннің "Канелоны" жеңу мүмкіндігін айтты ©Reuters

Кәсіпқой бокстан әлемнің экс-чемпионы америкалық Давид Бенавидес (26-0, 23 КО) Мексиканың тарланы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен қазақ батыры Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) трилогиясына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды vRINGe.com тілшісі.

"Менің ойымша, Головкиннің жеңіске жететін мүмкіндігі бар. Ол расымен мықты боксшы. Тек бір ұнамағаны – ол соңғы айқасында шаршаңқы болғандай көрінді. Бірақ Жапонияға жекпе-жек алдында небәрі бір апта бұрын келгенінің әсері болар. Себебі ол жақтың уақыт айырмашылығы басқа. Қысқа уақыттың ішінде уақыт пен ауа-райына үйренісу қиын. Ал алдағы жекпе-жегіне жақсылап дайындалуы тиіс. Осыған дейін олардың екі айқасын көргем. Бұл жолы да тамашалаймын. Жалпы Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу өте қызықты болғалы тұр", - дейді Бенавидес.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес трилогиясы 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!