Экс чемпион Джошуа - Усик қарымтасында кім жеңетінін айтты
Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, жаңазеландиялық Джозеф Паркер 20 тамыз Сауд Арабиясында өтетін Энтони Джошуа мен Александр Усик қарымтасына қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".
Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, жаңазеландиялық Джозеф Паркер 20 тамыз Сауд Арабиясында өтетін Энтони Джошуа мен Александр Усик қарымтасына қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".
"Бұл тамаша жекпе-жек болады. Джошуа жаңа командамен жаттыға бастағаны қызық, бұл оның дайындығына сенімсіздік тудырады. Медиа олар не істеп жатқанын айта алмайды.
Ал Усик рингке сенімді шығады. Қазіргі таңда мен Александрдың жеңісіне тігер едім. Өйткені ол бірінші кездесуде басымдықпен жеңді. Егер қарымтаға да солай сенімді шықса, өз ісін жасайды", - дейді Джошуаның бұрынғы қарсыласы iFL TV арнасына берген сұхбатында.
Жарнама