Әлемнің бұрынғы чемпионы, ал қазірде бокс комментаторы әрі шолушы Шон Портер орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) шынымен дивизион үрейі бола ала ма деген сұраққа жауап беруге тырысты, деп хабарлайды vRINGe.com.
"Ол жігітті Америкаға келе салысымен "қазақ стилі" деп таныстыра бастады. Промоутері мен ESPN арнасы оны орта дивизионға үрей салған "бөки" (бугимен) деп жарнамалай кетті. Олар Деметриус Андраде қазақ боксшымен жекпе-жектен қашты деп жар салды. Ал негізі бар шындық Деметриус ақшалы айқас қалағанында ғана. Жанкүйрелер болса, америкалық қорқып кетті деген қауесетті жайып жіберді.
Андраде Зак Паркермен айқасу керек еді ғой, алайда біріншісінде ол жарақат алып қалды. Екіншісінде бұл жекпе-жек үшін промоутерлік сауда белгіленіп, жеңімпазға берілетін сомма тек 300 мыңның жартысын құрады. Бұл жолы ақшасы мардымсыз болатындықтан өтпеді. Ақыры Андраде ақшасыз да, титулсыз да қалды. Ал Әлімханұлымен жұдырықтасудан Мунгия да бас тартқан соң, оған "бөки" деген ат мықтап жабысты. Мұндай жағдайлар бокс кешін жарнамалауға өте жақсы болатынын білесіздер.
Кейінгі айқасында Жәнібек "бөки" болып көрінген жоқ. Себебі Бентли өте ыңғайсыз қарсылас. Ол келесі минутта не істейтінін өзі де білмейтін жігіттердің қатарынан. Ал жекпе-жек ортасына таман ол ырғаққа түсіп алды да, өзінікін, нақты айтсақ ешбір болжауға келмейтін нобайы жоқ айқас жүргізе бастады. Осының арқасында ол Жәнібектің мықты жақтарын басып тастады. Жекпе-жек кезінде мен бірден айттым: "Жәнібекке джебтерді, финттер мен комбинациямен шабуылды көбейту қажет деп. Ал мұның ешқайсы болмады. Егер шынымен "бөки" болсаң, сенде көбірек қару болу керек. Сол кезде ғана бәрі сенің шынымен қорқынышты екеніңе сенеді", - дейді Портер.