auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Екінші барғанда ғана таныды". Деревянченко "Астана Арландары" бапкерінің ауыр жағдайы туралы

Маманға шабуыл жасалған еді.

"Екінші барғанда ғана таныды". Деревянченко "Астана Арландары" бапкерінің ауыр жағдайы туралы
Орта салмақта жұдырықтасатын украиналық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) "Астана Арландары" мен өінің бұрынғы бапкері Сергей Корчинскийдің жағдайы туралы айтып берді. 

Еске салайық, 2018 жылы сәуірде Карен Саркисян атты күдікті Николаев қаласында Корчинскиймен сөзге келіп қалады. Осыдан кейін бапкер жабық бас сүйек-ми жарақатын алады, самай тұсының сүйегі сынады және миына ауыр зақым келеді. Осының салдарынан Корчинский ұзақ уақыт ес-түссіз жатады, ал қазір сауығу курсынан өтуде.

"Корчинский қазір Киевте, Броварыда сауығып жатыр. Әрине жақсарып келеді, бірақ, ойдағыдай емес. Бірнеше рет клиникаға барып қайтқанмын. Екінші рет барғанымда ол мені таныды, менімен амандасты да, аздап тіл қатыстық. Әлбетте бұл қуантады.

Шабуыл жасған адам жақында ұсталды. Сот болады, жаза тағайындалады. Алайда одан келіп кетер пайда жоқ, адам денсаулығынан айырылды. Оның да, обасының да", - дейді Деревянченко Luckypunch.net арнасының Instagram желісіндегі тікелей эфирінде.

Полиция "Астана Арландары" экс-бапкерінің бас сүйегін сындырған күдіктіні қамауға алды

57 жастағы Корчинский Қазақстанда "Астана Арландарын" жаттықтырғанымен танымал, осы бапкердің жетекшілігімен команда 2013 жылы Бүкіләлемдік бокс сериясын (WSB) жеңіп алды. Сол жылы "арландар" финалда "Украина атамандарынан" басым түсті де, Корчинский WSB-дің ең мықты бапкері атанды. Ал "Астана Арландарына" дейін ол WSB-ді италиялық MilanoThunder командасымен жеңіп алған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар