Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) америкалық белгілі бапкер Тедди Атласқа берген сұхбатында Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) жекпе-жектерге қатысты не ойлайтынын ашып айтты. GGG-дің сөзі THE FIGHT with Teddy Atlas Youtube арнасында жария етілді.
"Ол екі жекпе-жекте мен жеңдім, кім не десе о десін, ол адамның екіжүзділігі. Көріп отырғанымыздай ондай қатты белең алып кеткен. Мен бұл туралы айтудан қорықпаймын. Мен әрдайым шындықты ғана айтамын, бірақ, ол ешкімге керек емес.
Біз жүрген бизнестің ережесі сондай. Егер солай жасалса, демек, солай жұмыс істейді. Мұнда ол жақсы, не жаман деп анықтама берудің қажеті жоқ. Бұл бизнесті жүргізудің бір қағидасы екенін түсіну қажет", - дейді Головкин.