Екеуінде де 22 нокаут. Головкин салмағындағы әлем чемпионының келесі жекпе-жегі белгіленді

Сурет: RingSide24

Орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (31-0, 22 KO) келесі жекпе-жегін 19 маусымда өткізеді, деп хабарлайды Boxingscence.com.

Жеңілмеген америкалық боксшының қарсыласы мексикалық Хуан Масиас Монтиэль (22-4-2, 22 KO). Бұл кездесу Хьюстондағы Toyota Center аренасында өтеді.

30 жастағы Чарло титулын бесінші рет қорғайды. Кейінгі жекпе-жегінде ол украиналық Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңген.

27 жастағы Монтиэль болса, былтыр Джек Кирклэндті бірінші раундта сұлатқан.

Айта кетейік, осы салмақта IBF және IBO титулдары қазақстандық Геннадий Головкинде (41-1-1, 36 КО).