Орта салмақта WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарло (31-0, 22 KO) келесі жекпе-жегін 19 маусымда өткізеді, деп хабарлайды Boxingscence.com.
Жеңілмеген америкалық боксшының қарсыласы мексикалық Хуан Масиас Монтиэль (22-4-2, 22 KO). Бұл кездесу Хьюстондағы Toyota Center аренасында өтеді.
30 жастағы Чарло титулын бесінші рет қорғайды. Кейінгі жекпе-жегінде ол украиналық Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңген.
27 жастағы Монтиэль болса, былтыр Джек Кирклэндті бірінші раундта сұлатқан.
Айта кетейік, осы салмақта IBF және IBO титулдары қазақстандық Геннадий Головкинде (41-1-1, 36 КО).