"Екеуі де солақай". Джалоловты жеңген қазақстандық Қамшыбекке онымен қалай жұдырықтасу керегін айтты

Сурет: Данияр Майлыбаев©

Олимпиада жүлдегері Иван Дычко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында өзбекстандық Баходир Джалоловқа қарсы қандай тактика қолданатынын айтып, өзін Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаевпен салыстырды.  

30 жастағы Дычко өзбек боксшысын 2015 жылы әлем чемпионатында жеңген. Ал кейінгі әлем біріншілігінде Джалолов алтынға жетті. Алдағы Олимпиада ойындарында Қоңқабаевтың басты қарсыласы Баходир болып тұр. 

"Менің стилім мен Қамшыбектікін салыстыруға болмайды, өйткені ол да, Баходир де солақай, сондықтан олардың жұдырықтасуы ауыр. Ал мен оңқай ретінде үнемі қысымға алар едім. Оның сол қолынан сақтанып, солға кетіп отырар едім және міндетті түрде бірінші нөмір болып жұмыс істеу керек. Шабуыл жасап отырып, аяқты естен шығармау қажет, қолың алда, аяғын артта қалып қоймайтындай. Мұндай айқастарда аяғыңды жинап жүру қажет, кез келген сәтте соққыдан қаша алатындай, қашықтықты ұстау үшін немесе оны бірден қысқартуға", - дейді Дычко. 

Айта кетейік, аталған үш боксшы да кәсіпқойда жұдырықтасады. Дычко тоғыз жекпе-жегін қатар нокаутпен жеңді, Джалолов сегіз кездесуін. Ал Қоңқабаев кәсіпқойда үш рет жұдырықтасты.