"Екеуі де аш". Маман қазақ боксшының WBA титулы үшін айқасы жайлы

16 қыркүйек 2022 07:56
©instagram.com/yerbossynuly_aidos/

Notifight.com порталының шолушысы Людо Саенс қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен WBA титулына ие кубалық Давид Моррел (7-0, 6 КО) айқасына қатысты пікір білдірді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол боксшылардың мықты жақтарын атады. 

АҚШ-та өтетін бұл жекпе-жек 12 раундқа есептелген. Айқаста кубалықтың белбеуі сарапқа салынады. 

"Бұл қызықты жекпе-жек болады. Моррел физикалық тұрғыда өте мықты. Соққысы ауыр және шыдамды. Қазақстандық болса жақсы бокс мектебінен өткен. Маған оның техникасы ұнайды. Екеуі де жеңілмеген және екеуі де "аш", үлкен айқастар қалайды. Екеуінің мүмкіндігі теңдей. Ал жекпе-жек нокаутпен аяқталса таң қалмаймын", - дейді Сеанс. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар