Екі титул иеленді. Ахмедов Головкиннің экс қарсыласын жеңді
Қазақстандық боксшы Али Ахмедов (18-1, 14 КО) пен америкалық Габриэль Росадо (26-15-1, 15 КО) екінші орта салмақтағы IBF NA және WBC Silver титулдары үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды, Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Али Ахмедов (18-1, 14 КО) пен америкалық Габриэль Росадо (26-15-1, 15 КО) екінші орта салмақтағы IBF NA және WBC Silver титулдары үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды, Vesti.kz.
Боксшылар әдеттегідей бір-бірін бақылаудан бастады. Одан кейін Ахмедов бірінші нөмірде жұдырықтасып, ринг ортасын иемденді.
Жекпе-жек ортасында Ахмедов қашықтықты тауып алып, джеб және қос соққыларын жақсы өткізе бастады. Алайда Росадо шыдамдылығын көрсетті.
Жекпе-жек соңына таман боксшылар аянбай, соққы алмасты. Он раундқа есептелген айқас толық өтіп, оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Осылайша, Ахмедов 19-рет жеңіске жетіп, екі титул жеңіп алды. Ал Росадо карьерасында 16-рет жеңілді.
Жарнама