Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қарымта жекпе-жек туралы келіссөздің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды
espn.com.
"Келіссөз жүргізіп жатырмыз. Келісім қандай боларын білу үшін Эрик Гомеспен он минут бұрын сөйлестім. Екі жақтан да жеңілдіктер болуын қарастырып отырмыз.
Геннадий келесі жекпе-жектің "Канеломен" болғанын қалайды. Сондықтан біздің тараптан қиындықтар жоқ. Екі жақта жеңілдік жасауы керек, әңгіме осында.
Бәрі бізге қатысты болса, келісімге алғашқы жекпе-жектен кейінгі бірінші аптада қол қояр едік. Енді жекпе-жек 5 мамырда деген үміттемін.
Madison Square Garden Нью-Йорк тарихында ең үлкен болатындай ұсыныс жасамақ",- добавил промоутер.
Еске салайық, мұның алдында Альварестің промоутері Эрик Гомес тараптардың келісімге қол қоюға жақын екенін мәлімдеген.
Жарнама