Бокс
13 мамыр 2020 12:25
 
Екі секундтағы нокаут. Қанат Ислам әуесқойда қарсыласын бірінші соққымен сұлатқан

  Пікірлер

blog.share

Әуесқой бокста жекпе-жекті нокаутпен аяқтайтын боксшылар кемде-кем, міне осындай ауыр соққы жасайтын боксшылардың бірі қазақстандық Қанат Ислам, - деп хабарлайды Vesti.kz.

2009 жылы Қанат Олимпиаданың қола жүлдегері ретінде Бішкектегі Кеңес Одағының батыры Дуйшенкул Шопоков құрметіне 1974 жылдан бері өтіп келе жатқан дәстүрлі турнирге қатысады. Ол кезде боксшы жарыстарға әлі Қытай атынан қатысып жүрген кезі.

Осы турнирдің финалында Қанат Ислам жергілікті Бахтияр Джеенбаевпен жекпе-жекке шықты. Алайда бұл айқас бір-ақ сәтте аяқталды. Гонг даусы шыға салысымен Қанат оң қолының бір соққысымен Джеенбаевты нокаутқа түсіріп, турнир алтынын жеңіп алды. 

Осыдан кейін Қырғызстанның бокс федерациясының президенті Абдыбакыт Халмурзаев қазақ боксшыға таланты үшін ақ қалпақ сыйлап, шапан жапқан еді. 

Ал бір жылдан кейін Қанат Ислам Қазақстанға ауысып келді. 

Жарнама

Живи спортом!