Екі салмақтағы экс чемпионмен. Батыр Жүкембаев келесі айқасына дайындалып жатыр

©twitter.com/ProBox_TV

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (21-1, 16 KO) келесі жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec.com мәліметінше, Батыр 13 желтоқсан АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтетін ProBox TV шоуы аясында рингке шығады. Қазақстандық боксшының қарсыласы "Проблемма" лақап атты франциялық Мохамед Мимун (23-5, 4 КО). Кездесу он раундқа есептелген. 

Жүкембаев X (бұрынғы Twitter) желісінде екі салмақта бұрынғы чемпион америкалық Шакур Стивенсонмен (20-0, 10 КО) бірге түскен суретін жариялапты.

"Айқасқа дайындалып жатырмыз", - деп жазыпты қазақ боксшы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport