Бокс
Кеше 13:36
 
Екі салмақта абсолют чемпионға Әлімханұлымен жекпе-жекке шығу ұсынылды

  Пікірлер

blog.share

Екі салмақта абсолют чемпионға Әлімханұлымен жекпе-жекке шығу ұсынылды ©Видеодан кадр

Жартылай орта және бірінші жартылай орта салмақта абсолют чемпион болған америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) өзінің карьерасы әйгілі Джервонта Дэвистен (30-0, 28 KO) асып түсіп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алайда сарапшылар бұл сөзін дәлелдеу үшін Теренске алдымен әр салмақтағы бірнеше мықты боксшымен айқас өткізу керегін айтты.

Олардың қатарында қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы да бар. 

Айта кетейік, Колуфорд пен Джервонта арасындағы сөзталас алдағы өтуі мүмкін жекпе-жекке қызығушылық арттыру үшін жасалып отырған сияқты. 

"Қазіргі таңда Кроуфорд 69,8 келіде бір-ақ рет жұдырықтасты және оның Исраил Мадримовқа қарсы айқасы сылбыр жеңіспен бітті. 

Джервонтаның жетістігінен асып түсу үшін оған Бахрам Муртазалиев, Жәнібек Әлімханұлы, Дэвид Бенавидес және Дэвид Моррель сияқты қарсыластарды жеңу қажет", - деп жазады Ruetir.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!