Екі рет есеңгіретті. "Канелоға" спарринг серік болған қазақстандық мексикалық қарсыласынан жеңілді

Сурет: instagram.com/bobirzhan_mominov/

Қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов карьерасында алғаш рет жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған дейін жеңілмеген жартылай орта салмақтағы боксшы кәсіпқойдағы 13-ші жекпе-жегін Американың Уэст-Пойнт қаласында өткізді. 

Қазақстандықтың қарсыласы тегі мексикалық жергілікті Анхель Руис болды, америкалық карьерасында 16 рет жеңіске жетіп, бір рет жеңілген екен.

Сегіз раундқа есептелген жекпе-жек төрешілер шешімімен аяқталды. Бұл айқас кезінде Момынов екі рет нокдаунға түсті. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (55-1-2, 37 КО) спарринг серігі болып, мексикалыққа Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жекке дайындалуға көмектескенімен белгілі.

Жаңалықтар