Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Ташкенттегі ӘЧ-де ширек финалдық айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
71 келі салмақтағы жекпе-жекте Асыланбектің қарсыласы франциялық Макан Траоре болды. Қазақстандық боксшы бұл айқаста анық жеңіске жетті. Төрешілер бірауыздан 5:0 деген шешім шығарды.
Шымбергенов бұл кездесуде қарсыласын бірінші және екінші раундта да нокдаунға түсіргенін айта кетейік.
Жартылай финалға өткен қазақстандық боксшы кемі қола жүлдеге ілігіп отыр.