Екі нокдаун. Қазақстандық боксшы АЧ-де бірінші қарсыласын айқын жеңді

©Видеодан кадр

Қазақстандық Виктория Графеева Таиланд астанасында өтіп жатқан 22 жасқа толмаған боксшылар арасындағы Азия чемпионатында бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы турнир қожайыны, таиландтық Натничей Чонгпронгклангпен айқасты. 

Графеева бірінші раундтан бастап басымдық көрсетті, ал екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Осылайша, жеңіске жеткен Виктория турнирдің келесі айналымына өтті. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар