Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Астанада өтіп жатқан Әлем кубогіндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келіден жоғары салмақта Қазақстан құрамасының капитаны Доминикан Республикасының боксшысы Хосе Агустин Трисетпен кездесті.
Бірінші раундта Оралбайдың қабағы жарылып кетті, дегенмен, ол үш минуттықты сенімді түрде өз пайдасына шешті.
Екінші раундта доминикандық боксшы нокдаунға түсті, ал үш минуттықтың қорытындысы бойынша Оралбайдың басымдығы толықтай сақталды – 5:0.
Соңғы раундта оның қарсыласы тағы да нокдаунға түсті. Нәтижесінде, Айбек Оралбай төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.
Жарнама