Бангкок (Таиланд) қаласында өтіп жатқан 19 және 22 жасқа дейінгі бокстан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Нұрасыл Асылхан жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
22 жасқа дейінгі жас санатындағы 90 келіден жоғары салмақта Асылхан ширек финалда өзбекстандық Халимжон Мамасолиевпен жұдырықтасты.
Бірінші раундта төрешілердің 3:2 есебімен бөлек шешімі бойынша жеңіс өзбек боксшысының пайдасына шешілді.
Екінші раундта қазақстандық спортшы екі рет нокдаунға түсті, содан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Мамасолиев мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, кем дегенде жарыстың қоласын жетіп отыр.
Жарнама