Өзбекстандық боксшы Джахонгир Расулов кәсіпқой карьерасындағы бесінші айқаста жеңіске жетіп, титулын қорғап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аустралияның Мельбурн қаласында өткен бокс кешінде ол филиппиндік Джун Рик Карседомен жекпе-жекке шықты. Бірінші жартылай орта салмақтағы айқас сегіз раундқа есептелген болатын, алайда екіншісінде техникалық нокаутпен аяқталды.
Осылайша, Расулов қатарынан бесіші жеңіске жетіп, WBC CISBB титулын қорғап қалды. Карседо болса карьерасында екінші рет жеңілді, сонымен бірге, ол тоғыз рет жеңіске жеткен және тоғызын да нокаутпен.