Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлан-Батырда өткен бокстан Азия чемпионатында алтынын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі финалда оның қарсыласы Қытай қазағы Данабек Байкенже болды.
Жекпе-жектің барлық үш раунды Оралбайдың басымдығымен аяқталды – 3:2, 5:0, 5:0.
Сонымен қатар, үшінші раундта Айбек қарсыласын нокдаунға түсірді.
Жарнама