Екі қазақ Италияда лицензия үшін бір-бірімен айқасатын болды

©REUTERS / UESLEI MARCELINO

Қазақстандық Сәкен Бибосыновтың Олимпиада жолдамасы ойнатылатын Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдегі келесі қарсыласы белгілі, деп жазады Vesti.kz.

Жарыстың 1/4 финалына жолдама үшін 51 келіде Бибосынов қазіргі таңда Бахрейн атынан жұдырықтасып жүрген өзге қазақ Азамат Махметовпен айқасады. Бұл кездесу 10 наурызға белгіленген. 

Айта кетейік, бұл турнирде Сәкен осыған дейін екі боксшыны Там Чунь Хинь Каннет (Гонконг) пен Дэвид Каранджу Мачариді (Кения) жарыс жолынан шығарды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport