Екі қазақ боксшы Канелоның бокс кешінде жекпе-жек өткізеді

©suleimenpromotions

Қазақ кәсіпқой боксшылары Бек Нұрмағанбет пен (9-0, 7 КО) Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) 6 мамыр күні Сауль "Канело" Альварес шаршы алаңға шығатын кеште жекпе-жектерін өткізеді. Бокс бәсекесі 6 мамыр күні Гвадалахараға (Мексика, Халиско штаты) жоспарланған.

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын Бек Нұрмағамбет венесуэлалық боксшы Аргенис Эспанамен (15-1, 14 КО) айқасады. Ал Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы – мексикалық Хесус Моройоко Паломарес (7-2-1, 4 КО).

Бек Нұрмағанбет пен Әбілхан Аманқұл соңғы рет 15 сәуір күні Помонда (АҚШ, Калифорния штаты) жекпе-жек өткізді. Екеуі де қарсыласын уақытынан бұрын жеңген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport