Бүгін, 23 ақпанда Болгария астанасы Софьяда өтіп жатқан дәстүрлі "Страндж кубогы" халықаралық жарысында қазақстандық боксшылар рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Төртінші жарыс күнінің күндізгі сессиясында рингке - Назым Қызайбай (50 келіге дейін), Балауса Мұздиман (54), Дина Жоламан (54), Карина Ибрагимова (57), Римма Волосенко (60), Айдана Забынбекова (60), Мадина Нұршаева (66), Дариға Шакимова (66) және Надежда Рябец (75) шығады.
Басталуы 18:00.
Кешкі сессияда тоғыз қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. 71 келіде Ермахан Жақпеков пен Қуан Куатов арасында дерби өтеді. Рингке тағы Санжар Тәшкенбай (48 келі), Даниял Сәбит (48), Дамир Әбдіқадыр (51), Тимур Қабдешов (51), Василий Самчук (60), Райыс Нұрқанат (65) және Нұрлан Сапарбай (92 келіден аса) шығады.
Басталуы 22:00.