Бокс
13 қыркүйек 11:24
 

Екі дүркін Олимпиада чемпионын! Қазақстандық боксшы ӘЧ-де сенсациялық жеңіске жетті

  Пікірлер

blog.share

Екі дүркін Олимпиада чемпионын! Қазақстандық боксшы ӘЧ-де сенсациялық жеңіске жетті ©ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Аса ауыр салмақтағы (+90) жартылай финалда Оралбай атақты кубалық спортшы Хулио Сесар Ла Крусты сенсациялық түрде 3:2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Хулио Сесар - екі дүркін Олимпиада чемпионы (2016, 2020) және бес дүркін әлем чемпионы (2011, 2013, 2015, 2017, 2021).

Кешегі жарыс күнінде тағы бірнеше қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты.

Жартылай финалға жолдама алғандар:

Назым Қызайбай (48 кг дейін) - украиналық Анна Охотаны жеңіп, кемі қола жүлдеге жетіп отыр;
Санжар Тәшкенбай (50 кг дейін) - үндістандық Жадумани Сингх Манденгбамды жеңіп, қола медаль иегері атанды.

Финалға шыққан боксшы:

Аида Әбікеева (65 кг дейін) — ирландиялық Мэри Грэйнн Уолшты жеңіп, алтын үшін өзбекстандық Навбахор Хамидовамен кездеседі.

Қола жүлдемен шектелгендер:

Виктория Графеева (60 кг дейін) — бразилиялық Ребека Де Лима Сантостан күтпеген жерден есе жіберді;
Елдана Тәліпова (80 кг жоғары) — польшалық Агата Качмарскадан жеңіліп қалды.

Еске салайық, 2025 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет жаңа World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Турнир 4 қыркүйекте басталды және 14 қыркүйекке дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!