Алуа Балқыбекова Амманда бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатының алтынын иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Балқыбекова жартылай финалға жетіп, алтынға таласуға мүмкіндік алған еді. Ал бүгін финалдағы қарсыласы қолын жарақаттап алғандықтан жерлесіміз алтынды жекпе-жексіз иеленіп отыр.
Осылайша, еліміздің маңдай алды былғары қолғап шебері өткен жылғы жетістігін қайталап, Азияның екі дүркін чемпионы атанып отыр.