Екі дүркін әлем чемпионы "Странджа кубогін" иеленді

©olympic

Назым Қызайбай Болгариядағы "Странджа кубогінің" жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Кіші әлем чемпионатының финалында жерлесіміз алжирлік Роумайса Боуалмен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша Қызайбай айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Әлемнің екі дүркін чемпионы Болгариядағы жарыста қоржынға бірінші алтынды салды. Осыған дейін ерлер арасында Дамир Әбдіқадір мен өзбек Хасанбой Дусматов шығып, Олимпиада чемпионы басым түскен еді.   

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport