Бокс
Кеше 09:22

Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай бір айқаспен-ақ жүлделі болды

©

Бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Санжар Тәшкенбай Испанияда өтіп жатқан Boxam Elite–2026 турниріндегі бірінші айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/4 финал аясында қазақстандық боксшының қарсыласы Үндістан боксшысы Сингх Риши болды.

Кездесудің алғашқы раундынан-ақ айқын фаворит саналатын Тәшкенбай шабуылға көшіп, раундты 4:1 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші үш минуттық та дәл осындай есеппен қазақстандық боксшының басымдығымен өтті.

Шешуші үшінші раундта Санжар сенсацияға жол бермей, жекпе-жекті сенімді түрде аяқтап, жартылай финалға жолдама алды. Бұл нәтиже оған турнирдің кем дегенде қола жүлдесін қамтамасыз етіп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport