Бокс
Бүгін 14:04

Екі дүркін әлем чемпионы Санжар алғашқы айқасында-ақ жүлдеге жетті

©Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының екінші кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол Қырғызстан боксшысы Анваржан Ходжиевпен кездесті. Қарсыласы 2026 жылы Бразилияда өткен Әлем кубогының алғашқы кезеңінің қола жүлдегері атанған болатын.

Үш раундқа созылған айқастың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге ілігіп отыр.

Бұған дейін Әлем кубогының ширек финалында қазақстандық Виктория Графеева (60 келі) өз жекпе-жегінде жеңіске жетіп, қолаға жеткен еді. Ал Лаура Есенгелді (70 келі) Олимпиада жүлдегеріне есе жіберіп, жарысты аяқтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport