Бокс
14 қыркүйек 16:47

Екі дүркін әлем чемпионы! Қазақ боксшы ӘЧ-нің бірінші алтынын қоржынға салды

©ҚБФ

Англияның Лиеврпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай финалдық айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz

50 келі салмақтағы шешуші кездесуде Санжардың қарсыласы моңғолиялық Баттулга Алдархишиг болды. 

Бұл жекпе-жекте Санжар үш раунд бойы 5:0 есебімен басым түсті, ал қарсыласы үш раунд бойы қанша тырысқанымен ештеңе өзгерте алмады. Осылай Тәшкенбай Ташкенттегі әлем біріншілігінен кейін міне екінші рет әлем чемпионы атанып отыр және бұл осы турнирде Қазақстан қоржынына түскен бірінші алтын. 

 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport