Екі дүркін әлем чемпионы "Канелоға" үзілді-кесілді талап қойды

©irishmirror.ie

Суперорта салмақта әлемнің екі дүркін чемпионы америкалық Давид Бенавидес канадалық Давид Лемьені жеңгеннен кейін мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасуға ниетті, деп хабарлайды fightnews.info.

"Лемьені жеңіп, Сауль Альварестің титулына міндетті қарсылас атанарыма сенімдімін. Еш күмән жоқ. WBC белбеуі үшін іріктеуде жеңдім, ал осы айқаста "уақытша" чемпион атағын иеленемін. Егер Альварес осыдан кейін менімен жұдырықтаспаса, онда белбеуді бос қалдырып, ол үшін жекпе-жек өткізуге мүмкіндік берсін. 

Жанкүйерлерге сөз берген кездесулердің бәрін өткізбей бұл салмақтан кетпеймін. Алайда мұны олар үшін ғана емес, өзім үшін де жасаймын. Мен суперорта салмақта ең мықты екеніме сенімдімін және бұл дивизионнан осыны дәлелдегеннен кейін ғана кетемін", - дейді тегі мексикалық боксшы. 

Тегі мексикалық боксшы "Канело" - Головкин айқасына қатысты ойын батыл айтты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар