Бокс
Бүгін 10:42

Екі дүркін әлем чемпионы Жәнібекті жекпе-жекке шақырды

©Тұрар Қазанғапов/Vesti.kz.

Кубалық боксшы Йоэнлис Эрнандес (9-0, 8 КО) орта салмақта әлем чемпионы атағы үшін айқасуды мақсат етіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы bharski блогері мәлімдеді. Ол Эрнандеспен жаттығу жиыны кезінде тілдескен екен.

"Йоэнлис Эрнандес дайындық үстінде. Ол биыл кез келген чемпионмен (Адамес, Лара немесе Жәнібек) алғашқы титулдық жекпе-жегін өткізгісі келеді. Мен пікірін сұрағанда, Йоэнлис: "Иә, біз чемпиондармен әрдайым жұдырықтасуға дайынбыз", - деп жауап берді", - деп жазды bharski.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO және IBF белбеулеріне ие, WBC титулы доминиканалық Карлос Адамес, ал WBA белбеуі кубалық Эрисланди Ларада.

Йоэнлис Эрнандес кәсіпқой бокста 2022 жылы дебют жасап, WBA нұсқасы бойынша Латын Америкасының чемпионы атағын жеңіп үлгерді. Әуесқойлар арасында ол екі дүркін әлем чемпионы атанған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport