Екі боксшы қызымыз финалда. Әлем чемпионатының алтыны үшін жекпе-жектерге тікелей трансляция

Сурет: ҚБФ

Бүгін, 22 сәуір Кельцте (Польша) бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында қыздар арасында финалды кездесулер өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстанның әйелдер құрамасында алтын жүлде үшін екі боксшы күш сынасады. 60 келіде Жұлдыз Шаяхмет үндістандық Винкамен, ал 75 келіде Дана Дидай өзге үндістандық - Чану Токчоммен жұдырықтасады. 

Трансляцияның басталуы 20:00-ге белгіленген. Жұлдыз Шаяхмет рингке шамамен 21:00, ал Дана Дидай - 21:45-те шығады.

Айта кетейік, қыздар командасында қазір үш жүлде бар - Жасмин Қизатова (69 келі), Әсел Сағатова (81 келі) және Елдана Тәліпова (+81 келі) қола жүлде иеленді.

Жаңалықтар